Өкіл әке 3 () — 1990 жылы режиссер және продюсер Фрэнсис Форд Копполаның Марио Пьюзомен бірге жазған сценарийі бойынша түсірілген американдық қылмыстық драмалық фильм. Бұл «Өкіл әке» трилогиясының үшінші және соңғы фильмі. Фильм өзінің қылмыстық империясын заңдастыруға тырысатын Корлеоне отбасының басшысы Майкл Корлеоне туралы оқиғаны аяқтайды. «Өкіл әке 3» жалпы аралас пікірлер алды. Сыншылар Пачино мен Гарсияның қойылымдарын, Копполаның режиссурасын, монтажын және өндірістік дизайнын жоғары бағалады, бірақ София Копполаның ойынын және сюжеті сынға алды. Фильм прокатта 136,8 миллион доллар жинап, жеті «Оскар» жүлдесіне, соның ішінде «Үздік фильм» үшін ұсынылды. 2020 жылдың желтоқсанында фильмнің 30 жылдығына арналған «Өкіл әке. Эпилог: Майкл Корлеоненің Өлімі» аты жаңартылған нұсқасы шықты.

Рөлдерде

Дереккөздер

Санат:Ағылшын тіліндегі фильмдер Санат:Фрэнсис Форд Коппола фильмдері Санат:Paramount Pictures фильмдері Санат:АҚШ драма-фильмдері