PepsiCo, Inc. — азық-түлік өнеркәсібіндегі америкалық трансұлттық корпорациясы, алкогольсіз сусындар мен басқа да азық-түлік өнімдерін өндіруші. Штаб-пәтері Нью-Йорк штатындағы Харрисон қалашығында орналасқан. 1965 жылы The Pepsi Cola Company компаниясы Frito Lay компаниясымен бірігуі нәтижесінде құрылды. Кірісінің жартысынан көбі АҚШ-та береді, тағы 20% Мексика, Ресей, Канада, Ұлыбритания және Бразилиядан келеді. Компания Lay's, Doritos, Cheetos, Gatorade, Pepsi, Mountain Dew, Quaker, SodaStream халықаралық брендтеріне ие.
Дереккөздер
Санат:1898 жылы құрылған компаниялар Санат:АҚШ компаниялары Санат:PepsiCo