Дэвид Сэмюэль «Сэм» Пекинпа (; 21 ақпан, 1925, Фресно, Калифорния, АҚШ — 28 желтоқсан, 1984, Инглвуд, Калифорния, АҚШ) — америкалық кинорежиссёр және сценарийші. ХХ ғасырдағы киноның ең маңызды жаңашылдарының бірі, сонымен қатар вестерн жанрындағы ең ірі ревизионисті.

Пекінпаның фильмдері құндылықтар мен идеалдар арасындағы қақтығысты, сондай-ақ адамзат қоғамындағы жемқорлық пен қатыгездікті зерттейді. Оның кейіпкерлері көбінесе нигилизм мен қатыгездікке толы әлемде аман қалу үшін өз принциптерінен аттап өтуге мәжбүр болатын, бірақ ар-намысын сақтағысы келетін жалғызбасты жандар немесе жолы болмаған жандар болып келеді. Фильмдеріндегі зорлық-зомбылық көріністері үшін оған «Қанды Сэм» (Bloody Sam) деген лақап ат берілген.

Пекінпаның ұрысқақ мінезі мен көп жылғы зиянды әдеттері (ішімдік пен есірткі) оның режиссерлік беделіне нұқсан келтірді Оның көптеген фильмдерінің түсірілім процесі продюсерлермен және түсірілім тобымен болған қақтығыстарға толы болды, бұл оның көзі тірісінде беделіне нұқсан келтіріп, мансабына кедергі жасады. Пекінпаның басқа да туындыларына мына фильмдер жатады: «Биік тауда серуендеу» (Ride the High Country, 1962), «Майор Данди» (Major Dundee, 1965), «Кейбл Хог туралы баллада» (The Ballad of Cable Hogue, 1970), ««Сабан иттер» (Straw Dogs, 1971), «Қашу» (The Getaway, 1972), «Пэт Гэрретт пен Билли Кид» (Pat Garrett and Billy the Kid, 1973), «Маған Альфредо Гарсияның басын әкеліңдер» (Bring Me the Head of Alfredo Garcia, 1974), «Темір крест» (Cross of Iron, 1977) және «Конвой» (Convoy, 1978).

Сыртқы сілтемелер

Санат:Оңтүстік Калифорния университеті түлектері Санат:Жүрек жетіспеушілігінен қайтыс болғандар