Ларс фон Триер (; 30 сәуір, 1956, Копенгаген, Дания) — даниялық режиссер, сценарийші және актер, «Догма 95» киноманифестінің бірлескен авторы.
Төрт онжылдыққа жуық уақытты қамтитын өнімді әрі даулы шығармашылық жолымен танымал. Оның еңбектері жанрлық және техникалық инновацияларымен, экзистенциалдық, әлеуметтік және саяси мәселелерді батыл зерттеуімен, сондай-ақ мейірімділік, құрбандық және психикалық денсаулық сияқты тақырыптарға деген өзіндік көзқарасымен ерекшеленеді.
Ол дүниежүзілік кинофестивальдердің жүзден астам марапаты мен номинациясының иегері, олардың қатарында Канн кинофестивалінің «Алтын пальма бұтағы» мен «Гран-при» бар. Сондай-ақ «Сезар», «Давид ди Донателло», «Гойя», «Тәуелсіз рух», «Спутник» және өзге де беделді сыйлықтармен марапатталған.
Ларс фон Триер халықаралық «Zentropa Films» киноөндірістік компаниясының негізін қалаушы және акционері. Аталған студия соңғы жиырма бес жыл ішінде жетпістен астам көркем фильм шығарып, «Оскар» сыйлығының жеті номинациясына ие болды.
Триер талай мәрте сынға ұшырап, даулы жағдайлардың ортасында қалған. Канн кинофестивалі оның фильмдерін бірнеше рет марапаттағанымен, сұхбат кезінде нацизм туралы айтқан әзілі үшін оны бір рет «persona non grata» тізіміне қосқан болатын. Сондай-ақ «Мандерлей» фильмінің түсірілім алаңында жануарларға зиян келтіру, кей туындыларындағы қатыгездік пен шынайы жыныстық қатынас көріністері қоғам тарапынан сын тудырды. Бұған қоса, ол түсірілім кезінде актрисаларға, соның ішінде Бьоркке дөрекі мінез көрсетіп, немқұрайлы қарады деп айыпталды.
Фильмография
Дереккөздер
Санат:Алтын пальма бұтағы сыйлығының иегерлері (режиссёрлер) Санат:Тәуелсіз рух сыйлығының иегерлері Санат:Давид ди Донателло сыйлығының иегерлері Санат:Еуропалық киноакадемия сыйлығының иегерлері Санат:Бодиль сыйлығының иегерлері Санат:Сезар сыйлығының иегерлері Санат:Гойя сыйлығының иегерлері Санат:Спутник сыйлығының иегерлері