Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті — дене шынықтыру және спорт саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің ведомствосы.
Хронология ҚР Жастар iсi, туризм және спорт министрлiгi (1993—1997) ҚР Бiлiм және мәдениет министрлiгiнiң Туризм және спорт департаменті (1997) ҚР Бiлiм, мәдениет және денсаулық сақтау министрлiгiнiң Туризм және спорт комитетi (1997—1999) ҚР Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру комитеті (1999) ҚР Туризм және спорт жөнiндегi агенттiгi (1999—2004) ҚР Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінің Спорт істері комитеті (2004—2006) ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спорт комитеті (2006—2012) ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі (2012—2014) ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті (2014—2023) ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті (2023 жылдан бастап)
Міндеттері дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысу дене шынықтыру және спорт саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыру"Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы
Құрылымы Комитеттің 10 басқармаcы бар (2023 жылға): Жазғы спорт түрлері басқармасы Қысқы спорт түрлері басқармасы Спорт резерві және әдістемелік қамтамасыз ету басқармасы Олимпиадалық емес спорт түрлері басқармасы Бұқаралық спортты дамыту басқармасы Жиынтық-талдау басқармасы Ұлттық спорт түрлері және спортта мүмкіндіктері шектеулі тұлғалармен жұмыс басқармасы Экономика және қаржы басқармасы Спорт инфрақұрылымын дамыту басқармасы Мемлекеттік қызметтер және цифрлық дамыту басқармасы
Қарамағындағы мекемелер «Республикалық спорт колледжі» РМҚК «Ұлттық спорттық медицина және оңалту орталығы» ШЖҚ РМК «Спортты дамыту дирекциясы» РМҚК «Спортшылардың допингке қарсы зертханасы» РМҚК «Қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК «Дене шынықтыру және спорт бойынша республикалық оқу-әдістемелік және талдау орталығы» РМҚК «Ұлттық және ат спорты түрлері орталығы» РМҚК «Алматы» Олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК «Астана» Олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК «Алатау» қысқы спорт түрлері бойынша республикалық жоғары спорт шеберлігі мектебі» РМҚК «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» РМҚК «Допингке қарсы ұлттық орталық» РМҚК «Олимп» спорттық-сауықтыру орталығы» ШЖҚ РМК «Қазспортинвест» АҚ «Күрес түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК «Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі» РММ «Кәркен Ахметов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі» РММ «Риддер қаласындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі» РММ «Алматы қаласының «Шаңырақ» шағын ауданындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі» РММ
Басшылары Дәулет Тұрлыханов (2004—2006) Анатолий Құлназаров (2006—2010) Елсияр Қанағатов (2010—2012) Талғат Ермегияев (2012—2013) Ерлан Қожағапанов (01—11.2013) Тастанбек Есентаев (2013—2014) Елсияр Қанағатов (2014—2018) Серік Жарасбаев (2018—2019) Серік Сәпиев (2019—2021) Самат Ерғалиев (2021—2023) Ербол Мырзабосынов (2023—2024) Руслан Есеналин (2024-)
Дереккөздер
С