Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті — жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің ведомствосы.
Тарихы Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті 2022 жылы ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің құрамында құрылды.
Міндеттері жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу үшін қажетті жағдайлар жасауҚазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті туралы ережесін бекіту туралы
Құрылымы Комитеттің 6 басқармаcы бар (2023 жылға): Статистика және ЖЖОҚБҰ қызметін үйлестіру басқармасы Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру мазмұны басқармасы Стратегия және жобалау қызметі басқармасы Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді интернационалдандыру басқармасы Білім алушылар контингентін қалыптастыру және кадрлар даярлау басқармасы Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының білім алушыларын әлеуметтендіру және тәрбиелеу басқармасы
Дереккөздер
Ж