Марат Кәрімжанұлы Қарабаев (4 шілде 1987 жыл, Ташкент облысы) — қазақстандық саясаткер, инженер, экономист. Бұрын Көлік министрі (2023–2025), Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі (2023) және вице-министрі (2021–2023) лауазымдарында болған.
Ерте жылдары және білімі Марат Қарабаев 1987 жылғы 4 шілдеде, Кеңестік Өзбекстанның Ташкент облысында дүниеге келген. Ташкент көлік-жол институтында, 2010 жылы өндірістік-жүйелік инженерия мамандығына Болашақ бағдарламасымен Ковентри, Ұлыбританиядағы Уорик университетінде және 2015 жылы экономист мамандығына Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде оқуын бітірген.
Мансабы Еңбек жолын Қарабаев 2011 жылы, Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің Су шаруашылығы желілерін пайдалану және дамыту департаментінің сарапшысы ретінде бастады.
2011–2013 жылдары аралығында ол Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Жаңа технологиялар және энергия үнемдеу департаменті қызмет көрсету саласын технологиялық дамыту басқармасының бас сарапшысы болды.
2014–2015 жылдары Қарабаев Оңтүстік Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары қызметінде болса, 2015 жылдан 2017 жылға дейін сол басқарманың басшысы болып тағайындалды.
2018 жылғы тамызда ол үкіметке қайта оралды, Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Қорғаныс-өнеркәсіп кешенін дамыту департаментінің директоры болып тағайындалды, сол қызметте 2019 жылғы шілдеге дейін болды. 2019 жылғы тамыздан 2020 жылғы шілдеге дейін ол Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Қорғаныс-өнеркәсіп кешенін дамыту департаментінің директоры қызметінде болған.
2020 жылғы 13 шілдеде Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов бұйрығымен Марат Қарабаев Индустриалды даму комитетінің төрағасы болып тағайындалды. Оның ізашары Қанат Байытов болды.
2021 жылғы 8 шілдеде ол Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі болды, бұл қызметін ол 2023 жылғы 4 қаңтарда дейін жалғастырды.
2023 жылғы 4 қаңтарда президент Тоқаев жарлығымен Марат Қарабаев Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі лауазымына тағайындалды.
Сол жылғы 2 қыркүйекте Қарабаев басқарған министрлік ыдыратылды, оның орнына Өнеркәсіп және құрылыс пен Көлік министрліктері құрылды. Жаңа құрылған Көлік министрлігін басқаруға Қарабаев таңдалды. 2025 жылғы 8 маусымда қызметінен босатылды.Көлік министрі Марат Қарабаев қызметінен босатылды
Сонымен қатар Марат Қарабаев 2023 жылғы 5 қаңтардан 28 қазанға дейін Бәйтерек ұлттық холдингі Директорлар Кеңесінің мүшесі болды.Изменен состав Совета директоров АО "Национальный управляющий холдинг "Байтерек"
Жеке өмірі Марат Қарабаев үйленген, бірнеше баласы бар.
Дереккөздер
Санат:Аманат партиясының мүшелері Санат:Мұхаммед Хайдар Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті түлектері Санат:Ташкент көлік-жол институты түлектері Санат:Уорик университеті түлектері Санат:Қазақстан экономистері Санат:Қазақстан инженерлері Санат:Қазақстан көлік министрлері Санат:Қазақстан индустрия министрлері Санат:Өзбекстан қазақтары