Тикар (тикали, мбам, ндомме, лангтуму)Современная энциклопедия - тикар http://www.terminy.info/literature/modern-encyclopedia/tikar — Орталық Камерунда тұратын халық. Олар Мбам өзендерінің жоғарғы ағысында (негізінен Адамава провинциясының батысында, Орталық провинцияның солтүстігінде, Батыс және Солтүстік-Батыс провинцияларының шығысында) тұрады. Халық саны шамамен 900 000 адам деп есептелді.Тикар https://dic.academic.ru/dic.nsf/ruwiki/1877045 Нсо (бансау), нком (нсо-ком), бафут (фу), нсунгли т.б. топтарға бөлінеді.

Тілі Тілі - тикар тілі, шығыс бантоид тілдеріне жатады.Большая Советская энциклопедия Тикар https://my-dict.ru/dic/bolshaya-sovetskaya-enciklopediya/93587-tikar/

Діні Тикарлардың көпшілігі сүнниттік мұсылмандар. Сонымен қатар ата-баба культі, жергілікті дәстүрлері де сақталған.Значение слова ТИКАР в Современном энциклопедическом словаре https://slovar.cc/enc/sovremenniy/1846428.html

Тарихы Аңыз бойынша, Тикардың ата-бабалары шамамен 17 ғасырда фульбелердің шабуылы кезінде солтүстік-шығыстан келген. Олар 18 ғасырдың басында Бамум одағының құрамына кірген бірнеше көсемдіктерді құрады.Большая российская энциклопедия 2004–2017 https://old.bigenc.ru/ethnology/text/4191643

Кәсібі Негізгі кәсібі – тропикалық қолмен атқарылатын егіншілік (тары, жүгері, маниок, жержаңғақ, ямс, кофе, шай, темекі және т.б.). Кейбір тикарлар ұсақ мал өсіреді.Народы и культурыТ Тикар https://travel-journal.ru/ethno/46/1333/

Өмір салты Негізгі әлеуметтік бірлік – үлкен отбасы қауымдастығы. Туыстық есеп патрилинейлік (нкомдарда матрилинальды). Неке келісімі вирилокальды болып табылады.

Елді мекендері ықшам, жолдар мен өзендердің бойына созылып орналасқан. Қабырғалары бұтақтардан және сырықтардан жасалған, балшықпен сыланған, шатыры саманнан, бұтақтардан және пальма жапырақтарынан жасалған төртбұрышты тұрғын үйлер басым, есіктері оюлармен безендірілген аласа болып келеді.

Киімдері - мақта матадан тігілген еуропалық үлгідегі киімдер.

Дереккөздер

Санат:Камерун халықтары