Қайыкент ауданы (Кумыкско-русский словарь.под ред.Б.Г.Бамматова. Российская Академия Наук., Дагестанский научный центр ордена «Знак Почета» институт языка, литературы и искусства имени Г. Цадасы. Махачкала. С. 381-387, , , , , , , , , , , , , .) — Ресей Федерациясының Дағыстан құрамындағы әкімшілік-аумақтық бірлік және муниципалитет (муниципалды аудан).
Әкімшілік орталығы — Жаңа Қайыкент ауылы.
Географиясы Аудан Дағыстанның шығыс бөлігінде, Каспий теңізінің жағалауында орналасқан.
Оңтүстік-шығысында Дербентпен, оңтүстік-батысында – Кайтақпен, батысында – Сергоқаламен, солтүстік-батысында – Дағыстанның Қарабұтақкент аудандарымен шектеседі. Солтүстікте республикалық маңызы бар Ізбірбас қаласымен (және оның қалалық округімен) де шекаралас орналақсан.
Ауданның жалпы ауданы — 691,08 км². Аудан Дахадай ауданы аумағында екі анклавқа ие: Викри және Дейбук ауылдары.
Қайыкент ауданының аумағында әкімшілік жағынан басқа аудандарға бағынатын екі ауыл бар: Шаласи (Дахадай ауданы Сутбук ауылдық кеңесі) және Краснопартизанск (Сергоқала ауданы Урахи ауылдық кеңесі).
Тарихы Алғышарты Құмықстан этногеографиялық терминіне енген құмықтар тұратын этноаумағы болып келеді.
1867 жылға дейін қазіргі Қайыкент ауданының бір бөлігі құмық феодалдық құрылымының — Тарқы шамқалдығының, ал екінші бөлігі Қайтақ үсмейлігінің құрамында болды.
1860 жылы Дағыстан облысы құрылып, 1867 жылы феодалдық құрылымдар ыдырағаннан кейін аудан аумағы жаңадан құрылған облыстың құрамына енді.
Қазіргі кезең Әкімшілік орталығы Қайакент ауылында болған Қайыкент ауданы 1935 жылғы 23 қаңтардағы ДАКСР БОАК қаулысы негізінде Махачкала, Дербент және Қорқмасқала аудандары аумағының бір бөлігінен құрылды.
1957 жылы облыс орталығы Ізбірбас қаласына көшірілді. РКФСР ЖКТ 1963 жылғы 1 ақпандағы қаулысымен Сергоқала ауылдық ауданына қосылды. РКФСР ЖКТ 1965 жылғы 12 қаңтардағы қаулысымен аудан орталығы Жаңа Қайыкент ауылына көшіріліп, ауданның бұрынғы шекарасы қалпына келтірілді.
1950 жылдардың аяғында Шешен-Ингуш АКСР Шурагат ауданына қарасты екі ауылдың тұрғындары Қайыкент ауданына қоныстандырылып, Герга және Первомайское ауылдарын құрады. 1966 жылғы Оңтүстік Дағыстандағы жойқын жер сілкінісінен кейін аймақта тағы бірнеше ауылдар пайда болды — Новые Викри, Сагаси-Дейбук және Дружба. Оларды Агул, Дахадай, Қайтақ, Құраһ, Табасаран және Хив аудандарындағы қираған ауылдарының тұрғындары қоныстандырды.
Тұрғандары 1939 1959 1970 1979 1989 2002 2009 2010 2011 201217 661 ↘16 301 ↗22 925↗28 851↗34 019↗52 739↗54 995↘54 089↗54 125↘54 098 2013 2014 2015 2016 2017 2018 2019 2020 2021 ↘53 925↗53 926↗54 186↗54 832↗55 633↗56 074↗56 511↗56 704↗58 854
Ұлттық құрамы 2010 жылғы Бүкілресейлік халық санағы бойынша: Халық Саны,адам Жалпы халықтанүлесі, % құмықтар 28 357 52,43 % даргиндер 22 894 42,33 % табасарандар 941 1,74 % агулдер 821 1,52 % лезгиндер 267 0,49 % орыстар 134 0,25 % лактар 97 0,18 % аварлар 88 0,16 % басқалары 136 0,26 % көрсетілмеген 354 0,65 % барлығы 54 089 100,00 %
2020-2021 жылдардағы Бүкілресейлік халық санағы бойынша: Халық Саны,адам Жалпы халықтанүлесі, % құмықтар 31 952 54,29 % даргиндер 22 670 38,52 % табасарандар 913 1,55 % агулдер 732 1,24 % лезгиндер 188 0,32 % орыстар 91 0,15 % лактар 88 0,15 % аварлар 58 0,10 % көрсетілмеген 869 1,48 % басқалары 1214 2,06 % барлығы 58 854 100,00 %
Аумақтық құрылымы Қайыкент ауданы әкімшілік-аумақтық құрылым аясында ауылдық кеңестер мен ауылдарды қамтиды.
Жергілікті өзін-өзі басқаруды ұйымдастыру шеңберінде аттас муниципалды ауданға ауылдық кеңестер мен ауылдарға сәйкес келетін ауылдық елді мекен мәртебесі бар 14 муниципалды құрылым кіреді.
Елді мекендері Ауданда 19 ауылдық елді мекен бар:
Дейбук және Викри ауылдары Дахадай ауданы аумағындағы Қайыкент ауданының анклавтары болып табылады. Ал Шаласи ауылы, керісінше, Қайыкент ауданы аумағындағы Дахадай ауданының анклавы болып табылады. Краснопартизанск ауылы Сергоқала ауданының анклавы болып табылады.
Экономикасы Аудан аумағында негізінен жүзім өндіруге маманданған 5 шарап зауыты мен 14 ірі ауыл шаруашылық кәсіпорны бар. Көлік Аудан аумағында Ресейді Әзірбайжанмен байланыстыратын теміржол және «Кавказ» федералдық автомагистралі орналасқан.
Дереккөздер
Санат:Қайыкент ауданы