Украина президенті () — Украинаның мемлекет басшысы, халықаралық қатынастарда халқының өкілі, мемлекеттің сыртқы саясатындағы басты тұлғасы және келіссөздерің жүргізушісі. Президентті Украина азаматтары бес жылдық өкілеттік мерзіміне тікелей сайлайды, екі қатар мерзімнен көп сайлануға тыйым салынған.
Конституциядағы рөлі Украина Конституциясының 102-бабына сәйкес Украина Президенті елдің Мемлекет басшысы болуымен қатар оның мемлекеттік егемендігінің, аумақтық тұтастығының, Украина Конституциясының сақталуының, адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының кепілі болып табылады. Президентке Конституция бойынша саяси партияны басқаруға тыйым салынады.
Украина Президентінің негізгі өкілеттіктері Украина Конституциясының 106-бабында бекітілген. Ол өз өкілеттіктерін басқа тұлғаларға немесе органдарға бере алмайды. Мемлекет басшысының өз иммунитет құқығы бар.
Құқығы Президент Премьер-Министрдің кандидатурасын ұсыну туралы ұсыныс енгізуге құқылы; Верховна Рада конституциялық көпшілік арқылы кандидатураны қолдауы керек. Верховна Рада қабылдаған заңдар ресми түрде жариялануы үшін президент қол қоюы керек. Президент сондай-ақ мемлекеттік бюджет қаражатын пайдалана отырып, олардың құзыреті үшін консультациялық, консультативтік және басқа да ведомстволық бағынысты мемлекеттік органдарды құруға өкілетті. Президент Украинаның ішкі және сыртқы мәселелері бойынша халық алдында және Верховна Рада алдында жыл сайынғы арнайы жолдаулар арқылы сөйлей алады. Ол сондай-ақ ұлттық референдум өткізуге ұсыныс жасай алады. Президент Премьер-Министр ұсынған жергілікті мемлекеттік әкімшіліктердің басшыларын тағайындайды.
Сайлануы Украина президенті болып 35 жасқа толған, сайлау құқығы бар, сайлау күніне дейін Украинада соңғы 10 жыл тұрған және мемлекеттік тілді білетін Украина азаматы сайлана алады. Бір адам қатарынан екі мерзімнен артық Украина президенті болып сайлана алмайды.
Украина Президентінің кезекті сайлауы Украина президенті өкілеттігінің бесінші жылының наурыз айының соңғы жексенбісінде өтеді. Украина Президентінің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайда, президент сайлауы өкілеттіктері тоқтатылған күннен бастап тоқсан күн ішінде өткізіледі.
Президенттік анты
Президенттер тізімі # СуретіАты-жөні Қызметі Биліктегі мерзімі Сайлауы ПартиясыҚосымша ақпарат—99pxЛеонид Макарович Кравчук24 тамыз19915 желтоқсан19912 жыл, 188 күн—Партиясыз1991 жылы Украинаның тәуелсіздігін жариялаған еді. Қайта сайлана алмай қалды.15 желтоқсан199119 шілде19941991299pxЛеонид Данилович Кучма19 шілде199423 қаңтар200510 жыл, 329 күн1994ПартиясызКравчуктың отставкасынан кейін билікке келген, 1994 және 1999 жылдары қайта сайланды.1999399pxВиктор Андреевич Ющенко23 қаңтар 200525 ақпан 20105 жыл, 66 күн2004Біздің УкраинаҚызғылт сары төңкерістен кейін сайланды, оның тұсында 2008–2009 жылғы экономикалық кризис орын алды. Қайта сайлана алмады.399pxВиктор Фёдорович Янукович25 ақпан 201022 ақпан 20143 жыл, 362 күн2010Региондар партиясы2014 жылғы Украина төңкерісінен кейін қызметінен босатылды.—99pxАлександр Валентинович Турчинов22 ақпан 20147 маусым 20140 жыл, 115 күн—Батькивщина2014 жылғы Украина төңкерісінен кейін Президент міндетінің орындаушысы болып қызмет етті. Қырым аннексиясы кезінде ел басшылығында болған.599pxПётр Алексеевич Порошенко7 маусым 201420 мамыр 20194 жыл, 347 күн2014Петро Порошенко блогіОның тұсында Ресей-Украина соғысының басы орын алды. Қайта сайлана алмады.699pxВладимир Александрович Зеленский20 мамыр 20194 жыл, 347 күн2019Халықтың қызметшісіҚазіргі президенті. Оның тұсында Ресейдің Украинаға басып кіруі орын алды да, қазіргі күнге дейін жалғасуда.
Дереккөздер
*