Лучази (валучази, болоджаш, луксаге, макангала)Значение слова ЛУЧАЗИ в Современном энциклопедическом словаре https://slovar.cc/enc/sovremenniy/1841535.html — Анголадағы, Конго Демократиялық Республикасы мен Замбиядағы (Кванго мен Лунгвебунгу өзендерінің аралығында, Кабомпо өзенінің орта ағысында) банту тобының халқы. Анголада лучази саны 220 мың адам, Конго Демократиялық Республикасында 150 мың адам, Замбияда 25 мың адам.Современная энциклопедия - лучази http://www.terminy.info/literature/modern-encyclopedia/luchazi Лучазиге луимбе (валуимби), мбунду (амбунду) жақын. Португалша жалпы атауы - нгангуела (вангангуела).
Тілі Тілі - лучази тілі.Современная энциклопедия ЛУЧАЗИ https://rus-modern-enc.slovaronline.com/6346-%D0%9B%D0%A3%D0%A7%D0%90%D0%97%D0%98
Діні Дінге сенушілердің діни наным-сенімдері: дәстүрлі сенімдер.ЛУЧАЗИ http://www.aggregateria.com/L/luchazi.html
Кәсібі Негізгі кәсібі – тропиктік қолмен атқарылатын егіншілік (тары, құмай, жержаңғақ, жүгері, көкөністер), мал шаруашылығы (ірі қара және ұсақ мал, шошқа), аңшылық және балық аулау. Ағаштан көркем ою (адамдар мен жануарлардың мүсіндері, ғұрыптық маскалар), геометриялық ою-өрнектермен төсеніш тоқу, металл өңдеу жақсы дамыған.Народы и культуры Лучази https://travel-journal.ru/ethno/39/932/
Өмір салты Дәстүрлі әлеуметтік ұйымның негізін бірнеше үлкен отбасылық қауымдастықтарды қамтитын ауыл қауымдастықтары құрайды. Патрилиндік рулық топтарға бөліну сақталған.
Елді мекендері орталығында коммуналдық «мәжіліс үйі» бар шеңбер тәрізді болып орналсақан. Тұрғын үйлері төртбұрышты, кейде дөңгелек, қабырғалары қаңқалы, шыбықтармен өрілген және балшықпен сыланған қадалардан жасалған, кейде геометриялық өрнектермен боялған, шатыры сабанмен жабылған. Астық қоймалары сабанмен жабылған, төбесі конустық болып тіректерде орналасады.
Тағамдары өсімдік тектес (жарма және ащы дәмдеуіштері бар бұқтырылған тағамдар), кейде шошқа еті мен сүт.
Ата-бабалар культі және табиғаттың жанды күштері, магия, бақсылық ұстанады. Музыкалық фольклор дамыған.народы мира / Лучази http://www.etnolog.ru/people.php?id=LUCH
Дереккөздер
Санат:Ангола халықтары Санат:Конго Демократиялық Республикасы халықтары Санат:Замбия халықтары