Бектұрғанов Хасан Шаяхметұлы (1922, Мамлют ауданы Мамлют қаласы — 1987, Тараз қаласы) — партия және қоғам қайраткері.
Арғын тайпасының Қарауыл руынан шыққан.
1941 жылы Фрунзе (Бішкек) жаяу әскер училищесін, Алматыдағы КОКП ОК жанындағы Жоғары партия мектебін (1958) бітірген. 1941 жылы Қызыл армия қатарына шақырылып, 38-атқыштар дивизиясының құрамында взвод командирі болып, Калинин және Солтүстік-батыс майдандардағы шайқастарға қатысқан. 1942 жылы сәуір айында 8-гвардия И.В. Панфилов дивизиясында полк комсоргы, 1943 жылдың сәуір айынан 19-гвардия атқыштар дивизиясында полк комсоргы бола жүріп, соғысты аяқтайды. Петропавл қаласына оралған соң Солтүстік Қазақстан облысы партия комитетінің нұсқаушысы; кейіннен Совет (қазіргі Аққайың ауданы) ауданы партия комитетінің хатшысының орынбасары; 1958 — 66 ж. Көкшетау, кейіннен Ақтөбе облысы партия комитеттері хатшысының 2-орынбасары, атқару комимтетінің төрағасы; 1966 — 83 жылдары Қызылорда, Жамбыл облысы партия комитеттерінің 1-хатшысы қызметтерін атқарған. Бірнеше ордендермен және медальдармен марапатталған.«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, II томСЫР ЕЛІ. Энциклопедия / Бас ред. Б.С. Каримова. 2-басылым. – Алматы: «Тау-Қайнар» ЖШС, 2023. ISBN 978-601-7059-54-5
Дереккөздер
Санат:1922 жылы туғандар Санат:Солтүстік Қазақстан облысында туғандар Санат:1987 жылы қайтыс болғандар Санат:Ұлы Отан соғысының қатысушылары Санат:Жамбыл облысы тұлғалары Санат:Қазақстан КП Ақтөбе облыстық комитетінің бірінші хатшылары Санат:Қазақстан КП Қызылорда облыстық комитетінің бірінші хатшылары Санат:Қазақстан КП Жамбыл облыстық комитетінің бірінші хатшылары