Ақшагүл Әбуқызы Төлегенова (; 20 желтоқсан 1964 жыл, Науаи облысы) — өзбекстандық мемлекеттік қайраткер, педагог және журналист, 2020 жылдан бері Олий Мәжлісі заң шығару палатасының депутаты, Индустрия, құрылыс және сауда комитетінің мүшесі. Қазақ ұлттық мәдени орталығының нақты басшысы. Өзбекстан либералдық-демократиялық партиясының мүшесі.

Өмірбаяны 1964 жылы 20 желтоқсанда Науаи облысы, Кармана ауданында дүниеге келген. Байұлы тайпасы Алтын руынан шыққан.

1994 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. 1984 жылдың өзінде-ақ Конимех ауданындағы №5 мектепте пионер болып жұмыс істей бастады.

1986-1988 жылдары «Сары-бел» шаруа қожалығы директорының рухани-ағарту ісі жөніндегі орынбасары. Кейін 1988-1995 жылдар аралығында Конимех ауданы №25 орта мектепте қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып қызмет атқарды. Одан кейін 1999 жылы Конимех аудандық халыққа білім беру басқармасының бөлім меңгерушісі болып тағайындалды.

2011-2017 жылдары Конимех ауданының мемлекеттік білім беру мекемелерінің қызметін әдістемелік қамтамасыз ету және ұйымдастыру бөлімінің қызметкері. 2017 жылдан бүгінгі күнге дейін Конимех аудандық халыққа білім беру бөлімінде жеке және заңды тұлғалармен жұмыс жөніндегі маман қызметін атқарып келеді. Сол жылы Төлегенова Ақшагүл қазақ ұлттық мәдени орталығының меңгерушісі болып тағайындалды. 2020 жылы Олий Мажлістің Заң шығару палатасына депутат болып сайланды.

Дереккөздер

Санат:Алфавит бойынша саясаткерлер Санат:Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті түлектері Санат:Өзбекстан саясаткерлері Санат:Өзбекстан қазақтары Санат:Саясаттағы Өзбекстан әйелдері