Рашид Өвезгелдіұлы Мередов (; 29 мамыр 1960 жыл, Ашхабад) — түрікменстандық дипломат және саясаткер, 2003 жылдан бері Министрлер Кабинеті Төрағасының орынбасары және 2001 жылдан бері Сыртқы істер министрі.

Өмірбаяны Рашид Мередовтің әкесі Өвезгелді заңгер болған, және анасы этникалық әзербайжан болған. Мередовтың нағашы туыстары Мары қаласында тұрады.

1977 жылы ол Мәскеу мемлекеттік университетінің заң факультетіне оқуға түсті. 1982 жылы Түрікмен мемлекеттік университетінің азаматтық құқық және азаматтық процесс кафедрасының оқытушысы болып бастады. 1984–1987 жылдары Мәскеу мемлекеттік университетінде аспирантурада оқыды. Дәл қазір Мередов заң ғылымдарының кандидаты болып келеді.

1993 жылдың наурыз айынан бастап Түрікменстан президенті аппаратында заң бөлімінің меңгерушісі болып жұмыс істеді. 1994 жылдың желтоқсанынан бастап Түрікменстан Мәжілісінің заң комитетінің төрағасы болды. 1996 жылдан бастап Түрікменстан Президенті жанындағы Түрікменстан Ұлттық демократия және адам құқықтары институты директорының орынбасары болды.

1999 жылы мамырда Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалды. 1999 жылы желтоқсанда Түрікменстан Мәжілісі төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалды. 2001 жылы мамырда Түрікменстан Мәжілісінің төрағасы болып сайланды. 2001 жылдың шілдесінде Түрікменстанның Сыртқы істер министрі болып тағайындалды. 2003 жылдан 2005 жылға дейін ол оған қоса Мәжіліс төрағасының орынбасары болған.

Жеке өмірі Рашид Мередов түрікменше, орысша, түрікше және ағылшынша еркін сөйлейді.

Марапаттары Мередовтің марапаттары: Гарашсызлык ордені Битараплык Түрікменстан президентінің ордені Галкыныш ордені Алтын Ғасыр ордені (III дәрежелі) Достық ордені (Өзбекстан, 2022) Гайрат медалі Отанға деген сүйіспеншілігі үшін медалі Түрікменстан тәуелсіздігіне 20 жыл медалі Мақтымқұлы Фрағи медалі Түрікменстан бейтараптығына 25 жыл медалі «Мақтымқұлы Фрағидың 300 жылдығына» Түрікменстан ескерткіш таңбасы «Түрікменстанның озат дипломаты» ерекшелік белгісі

Дереккөздер

Санат:Мәскеу мемлекеттік университеті түлектері Санат:Заң ғылымдарының кандидаттары Санат:Түрікменстан саясаткерлері Санат:Түрікменстан дипломаттары Санат:Түрікменстан Демократиялық партиясы мүшелері Санат:Түрікменстан вице-президенттері Санат:Түрікменстан сыртқы істер министрлері Санат:Түрікменстан Мәжілісі төрағалары