Афақ Бәшірқызы (), туғанында Афақ Башірқызы Сафарова (15 тамыз 1955 жыл, Баку) — кеңестік және әзербайжандық театр және кино актрисасы, Әзербайжан халық әртісі (1993), Шохрат орденінің иегері (2013).

Өмірбаяны Бәшірқызы 1955 жылғы 15 тамызда, Бакуде актёр Бәшір Сафарұлының отбасында дүниеге келген. 1972 жылы қала мектептерінің бірін бітіріп, 2 жылдан кейін Мырзағи Әлиев атындағы театр институтына оқуға түсті.

Шығармашылығы Шығармашылық қызметін Везиров Н.Б. атындағы театрда бастады, 1973 жылғы 24 желтоқсанда өзінің алғашқы қойылымы Мырза Ибраһимовтің «Жақсы адам» спектаклін қойды.

1975–1989 жылдары Г. Араблинский атындағы Сұмқайыт мемлекеттік театрында қызмет етті.

1989 жылдан Әзербайжан мемлекеттік академиялық музыкалық театрдың актрисасы болды.

2014 жылы Афақ Бәшірқызы Бәшір Сафарұлы атындағы сыйлықты тағайындады.

Марапаттары 1989 жылы Әзербайжан КСР еңбек сіңірген әртісі, 1993 жылы Әзербайжан халық әртісі атағын алды.

1994 және 2002 жылдары Қызыл дәруіш театр сыйлығының лауреаты атанды.

2013 жылы Даңқ орденімен марапатталған.

2015 жылы Әзербайжан Президентінің Құрмет грамотасымен марапатталды.

Дереккөздер

Санат:Әзербайжан театр актрисалары Санат:Әзербайжан театр режиссёрлері