Сасықсор – Жоғарғы Тобыл бөгенінің солтүстігіндегі тұзды көл.
Географиялық орны Қостанай облысы Денисов ауданы Перелески ауылының шығысында 6 км жерде орналасқан.
Гидрографикасы Теңіз деңгейінен 208 м биіктікте жатыр. Аумағы 9,4 км2, ұзындығы 4,7 км, енді жері 2,9 км, жағалау бойының ұзындығы 13,8 км. Жағалауы тегіс, батпағында қамыс өскен. Көктемгі еріген қар, жер асты суларымен, солтүстігінен құятын жылға суымен толысады. Суы қараша айының аяғында қатып, сəуірде ериді. Жағалауы егістік, шабындық, малжайылымы.АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5
Дереккөздер
Санат:Тобыл су алабы Санат:Денисов ауданы көлдері