Шашан Оразбайұлы Оразбаев (25 қазан 1908, Бақсай ауданы, Гурьев облысы — 1994) — кеңестік мемлекет қайраткері, Қазақ КСР Әділет министрі (1939-1943).

Өмірбаяны 1908 жылы 25 қазанда Гурьев облысы Бақсай ауданының №18 ауылында дүниеге келген, жоғары білім алған.

1930-1931 жж. — БКООК аудандық кәсіподақ кеңесі төрағасы (Гурьев облысы).

1931-1932 жж. — облыстық жұмысшылар кооперациясының басқарма төрағасы.

1934-1935 жж. — аймақтық комсомол комитетінің нұсқаушысы (Гурьев).

1935-1937 жж. — Теңіз аудандық комсомол комитетінің хатшысы.

1937-1939 жж. — партияның облыстық комитетідегі кеңестік сауда бөлімінің меңгерушісі.

1939-1943 жж. — Қазақ КСР Әділет халық комиссары (Алматы).

1943-1952 жж. — Ақтөбе облыстық атқару комитетінің төрағасы.

1952-1955 жж. — КОКП ОК қарамағындағы ЖПМ тыңдаушысы (Мәскеу).

1955-1959 жж. — Павлодар облыстық атқару комитетінің төрағасы.

1960-1962 жж. — Гурьев облыстық атқару комитеті төрағасының бірінші орынбасары.

1962-1967 жж. — Гурьев облыстық атқару комитеті төрағасының орынбасары.

Марапаттары Еңбек Қызыл Ту орденінің үш мәрте иегері (1945, 1947, 1957) «1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы қажырлы еңбегі үшін» медалі (1945)

Санат:Қазақстан әділет министрлері Санат:Қазақ КСР халық комиссарлары мен министрлері Санат:КОКП ОК жанындағы Жоғарғы партия мектебі түлектері Санат:БЛКЖО функционерлері Санат:Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 2-шақырылымының депутаттары Санат:Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 5-шақырылымының депутаттары