Нор — Па-де-Кале () — Францияның солтүстігіндегі бұрынғы аймақ. Халқы — 4 042 015 адам (өңірлер арасында 4 орын). Басты қаласы — Лилль. Басқа ірі қалалар: Дуе, Валенсьенн, Дюнкерк, Бетюн, Кале, Аррас, Вильнев-д'Аск.
Осы аймақта, Кале қаласында Ұлыбританияны Франциямен байланыстыратын еуротуннель салынды.
2016 жылдан бастап аймақ Пикардиямен біріктіріліп Нор — Па-де-Кале — Пикардия атанды (2016 жылдың 30 қыркүйегінен бастап — О-де-Франс, «Францияның үсті»).
Атауы Нор — Па-де-Кале атауы аймақтың екі негізгі департаментінің атауларынан: «Nord» ( — «солтүстік», өйткені бұл департамент Францияның ең солтүстік бөлігі болып табылады) және «Pas-de-Calais» (Па-де-Кале). Нор — Па-де-Кале кейде «Жоғарғы Франция» (Hauts-de-France) немесе «Солтүстік Пикардия» (Picardie-du-Nord) деп те аталды.
География Аймақ құрамына Нор және Па-де-Кале департаменттері кірді. Бұрынғы департамент аумағынан Аа, Шелда (Эско), Самбра және Лис өзендері ағып өтеді.
Халық Экономикалық белсенді халық: 1,320 млн адам.
Жұмыспен қамту: ауыл шаруашылығында 4,8%; өнеркәсіпте 36,4%; қызмет көрсету саласында 58,8%.
Сілтемелер Нор — Па-де-Кале аймақтық кеңесі
Санат:Франция тарихи аймақтары Санат:О-де-Франс