Оқил Ғайбуллаұлы Оқилов (, 2 ақпан 1944 жыл, Ленинабад) — Тәжікстан саяси және қоғам қайраткері, 1999 мен 2013 жылдар аралығында Тәжікстан премьер-министрі, ТХДП мүшесі.
Өмірбаяны Саясатқа дейінгі өмірі Оқил Оқилов 2 ақпан күні, 1944 жылы, Ленинабад қаласында дүниеге келген. 1967 жылы Мәскеу инженер-құрылыс институтында инженер-құрылысшы мамандығына оқуын бітірген. 1980 жылы КОКП Орталық Комитеті жанындағы Әлеуметтік ғылымдар академиясында білім алды.
1969–1976 жылдары аралығында құрылыс сферасында жұмыс істеген.
КОКП-дағы жұмысы 1976 жылы КОКП-ның тәжікстандық бөлімшесінде жұмысын бастады.
1976 жылдан елдің тәуелсіздігіне дейін Орталық Комитетте қызмет атқарды.
Тәуелсіздік жылдары 1993–1999 жылдары құрылыс министрі, Премьер-министр орынбасары және Ленинабад облысы төрағасының орынбасары қызметтерін атқарған.
1999 жылы Эмомали Рахмон бұйрығымен Тәжікстан премьер-министрі лауазымын алды.
Премьерлігі жылдары ол басқа шенеуніктермен салыстырғанда қарапайым өмір сүрген, Душанбедегі үш бөлмелі пәтерде тұрады.
Оқил Оқилов бұл қызметін 2013 жылға дейін атқарған, оның орнына Қоһир Расулзода келді.
Саясаттан кейін Оқил Оқилов премьер-министр ретіндегі жұмысынан бері еш мемлекеттік лауазымда болмаған, дәл қазір ол зейнетте.
Сын 2010 жылы Оқилов БҰҰ жиналысында Орталық Азиядағы су мәселесінің «авторын» деп Өзбекстан мемлекетін атаған. Осындай тұжырымдары үшін оны саясаттанушы Саймиддин Дӯстов сынға алды.
Масуд Сабир сөзі бойынша, Оқилов жұмысының БАҚ-та сирек айтылуының себебі — Конституцияда бекітілген премьер-министрі құқығының президентке көшірілуі, оның билігінің жоқтығы. Ол жайлы сыншылар еш саяси мақсаты жоқ технократ, Рахмон үшін «тиімді» премьер деп сынаған.
Марапаттары Оқил Оқиловтың марапаттары: I деңгейлі Исмоил Сомони ордені Құрмет белгісі «Сіңірген еңбегі үшін» медалі
Дереккөздер
Санат:Тәжікстан саясаткерлері Санат:Тәжікстан премьер-министрлері