thumb|Моңғолдар Барұңғар (моңғолша — оң қанат) — оң қанаттағы әскер. Көшпелілер мемлекетін құрайтын ру-тайпаларды да, олардан жасақталған әскерді де оң қанаттағылар, сол қанаттағылар деп екі топқа бөлген.Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет.ISBN 9965-893-73-Х Шыңғыс хан кезінде сол қанатты жоңғар, ал оң қанатты Барұңғар деп атаған. Осы екі қанаттағы әскерлерден таңдалып алынған жауынгерлерден хан жасағы құрылған. Майданда барлық әскери шептің оң, сол қанаты және ортадағы бөлігі — негізгі жасағы болған. Шыңғыс хан шапқыншылығынан кейін әскери атаулар түркі тіліне де ауысып, Барұңғар түркіше оң қанат атауымен қатар қолданылған. Қазақ Энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Әскери тарих