Қарабұтақ – Шалқар алабындағы өзен.

Географиялық орны Ақтөбе облысының Әйтеке би ауданы жерімен ағады.

Гидрологиясы Ұзындығы 70 км, су жиналатын алабы 963 км2. Жайылмасы тек төменгі ағысында бар, ені 1,5 км-ге дейін жетеді. жауын-шашын, жер асты суларымен толығады. Көктемде 15 күндей тасиды. Көп жылдық орташа су ағымы 0,37 м3/с. Жайылмасы шабындық ретінде, суы мал суаруға пайдаланылады.

Бастауы Бастауын Мұғалжар тауының солтүстік беткейінен алады. Тоқабайащысай және Ортаащысай өзендерінің қосылуынан пайда болып, Аралтоғай ауылы тұсында Ырғыз өзеніне оң жағынан құяды.АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5

Дереккөздер

Санат:Ырғыз су алабы Санат:Әйтеке би ауданы өзендері