Қумақапы – Маңғыстау шығанағына құятын өзен.
Географиялық орны Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы жерімен ағады.
Гидрологиясы Ұзындығы 32 км. Бастауын Таушық ауылы маңындағы бұлақтардан алып, Қауше және Емдіқорған таулары аралығынан өтіп, шағын Сарытас шығанағына құяды. Арнасының басым бөлігі жарқабақты, орта ағысында жартасты өңірмен өтеді. Сағасының оң жағалауы жарлауытты. Көктемдегі жауын-шашын кезінде 7–10 күндей арнасында су болады. Жылдың басқа мезгілінде құрғап қалады. Негізінен жауын-шашын суларымен толығады. Жоғарғы ағысында артезиан құдықтары орналасқан.АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5
Дереккөздер
Санат:Түпқараған ауданы өзендері Санат:Каспий теңізі