Сәмбет каналы – Талас өзені бойындағы суғару-суландыру жүйесі.
Географиялық орны Жамбыл облысы Байзақ ауданы жерімен ағады. Каналдың ұзындығы 26,5 км. Бірнеше гидротехникалық құрылысы салынған су жүйесі ауданның 2,2 мың га егістігі мен шабындығын суғарады жəне суландырады.АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5
Дереккөздер
Санат:Жамбыл облысы каналдары