Маринов ауданы — Целиноград облысының 1973-1988 жылдары болған әкімшілік-аумақтық бірлігі. Әкімшілік орталығы — Мариновка ауылы.
Тарихы Аудан Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының 1973 жылғы 25 желтоқсандағы Жарлығымен құрылған.
Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының 1988 жылғы 9 шілдедегі Жарлығымен Маринов ауданы таратылды. Аудан аумағы Астрахан, Атбасар, Балкашин, Макин аудандары арасында бөлінді: Ескi Қалқұтан ауылдық кеңесі Астрахан ауданына, Адыр, Мариновка, Новоалександровка ауылдық кеңестері Атбасар ауданына, Бірлік, Гвардия ауылдық кеңестері Балкашин ауданына, Журавлёв, Красноводск, Новобрат, Острогор ауылдық кеңестері Макин ауданына қосылдыҚазақ КСР бойынша 1989 жылғы Бүкілодақтық халық санағының қорытындылары. 3 том.
Бірнеше жылдан кейін Острогор ауылдық кеңесі Макин ауданынан Астрахан ауданына қосылды.
Әкімшілік бөлінісі 1986 жылғы мәлімет бойынша аудан құрамында 10 ауылдық кеңес пен 23 елді мекен болған:Қазақ КСР. 1986 жылғы 1 қаңтарға әкімшілік-аумақтық бөлінісі Ауылдық кеңес Орталығы Елді мекендері Адыр ауылдық кеңесі Адыр ауылы Адыр Бірлік ауылдық кеңесі Мәдениет ауылы Мәдениет Гвардия ауылдық кеңесі Острогорка ауылы ОстрогоркаЕскі Қалқұтан ауылдық кеңесіЕскі Қалқұтан ауылыЕскі Қалқұтан, Зареченка, Ковыленка, Қоскөл Журавлёв ауылдық кеңесі Журавлёвка ауылы Воробьёвка, Журавлёвка, Новодонецк, Ярославка Красноводск ауылдық кеңесі Красноводское ауылы Красноводское, Острогорское Мариновка ауылдық кеңесі Мариновка ауылы Мариновка, Митрофановка Новоалександровка ауылдық кеңесі Новоалександровка ауылы Жаңатұрмыс, Новоалександровка Новобрат ауылдық кеңесі Новобратское ауылы Будённовка, Добровольное, Красносельское, Новобратское Острогор ауылдық кеңесіЖаңа Қалқұтан ауылы Вишнёвка, Жаңа Қалқұтан
Тұрғыны 1979 жылғы Бүкілодақтық халық санағы бойынша Маринов ауданында 22 554 адам немесе облыс халқының 2,79%-ы тұрған. Жынысына қатысты құрамында ерлер 10 839 адамды немесе 48,06%, әйелдер — 11715 адам немесе 51,94% құрады. Қала халқы болмады1979 жылғы Бүкілодақтық халық санағы. Одақтас және автономиялы республикалардың, автономиялық облыстар мен округтердің, өлкелердің, облыстардың, аудандардың, қалалық кенттердің, ауылдық-аудандық орталықтардың және ауылдық елді мекендердің (РКФСР-дан басқа) 5000 адамнан асатын нақты халқының саны..
Дереккөздер
Санат:Қазақстанның таратылған аудандары