Airalo — eSIM карталарының маркетплейсі. Ол саяхатшыларға дүние жүзіндегі 200-ден астам елге және аймаққа арналған eSIM карталарын ұсынады. Бұл оларға шетелде лезде интернетке қатынасу мүмкіндігін береді. 2024 жылдың 31 наурызындағы жағдай бойынша, Airalo қолданбасының 10 миллионнан астам пайдаланушысы бар әрі ол App Store және Google Play Store дүкендерінде 53 тілде қолжетімді.

Тарих Airalo — 2019 жылы Абрахам Бурак пен Бахадир Оздемир негізін қалаған АҚШ-та орналасқан стартап. Олардың мақсаты — саяхатшыларға eSIM технологиясы арқылы лездік, арзан, жаһандық қосылымға қатынасты беру.

Абрахам мен Бахадир — саяхат кезіндегі қосылым шектеулерін өз көзімен көрген сандық номад кәсіпкерлер. eSIM технологиясы саяхатшыларға арзанырақ және қолжетімдірек баламаны қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.

2019 жылы Airalo компаниясы Antler компаниясынан және Sequoia Capital India компаниясының Surge «егіндік» қорынан 1,9 миллион АҚШ доллары «егіндік» қаржыландыруын алды. 2021 жылы ол А сериясындағы қаржыландыру раундында 5 миллион АҚШ долларын құрайтын инвестицияны алды. Ал 2023 жылы B сериясының қаржыландыру раундында 60 миллион АҚШ долларын құрайтын инвестицияны алды. e& Capital, e& компаниясының венчурлық тармағы (БАӘ-да орналасқан оператор Etisalat ретінде көбірек белгілі), раундты мына компаниялардың қатысуымен жүргізді: Antler Elevate стартап «генераторы», Liberty Global, Rakuten Capital, Singtel Innov8, Surge (Peak XV басқаратын ерте кезеңдегі қор, бұрын Sequoia Capital India және SEA ретінде белгілі болған), Orange, T Capital (Deutsche Telecom компаниясының венчурлық тармағы), KPN Ventures, Telefónica Ventures және I2BF Global Ventures.

Дереккөздер