Сұрқандария облысы (уәлаяты, , , ) — Өзбекстанның ең оңтүстігіндегі облысы. Әкімшілік орталығы және ең ірі қаласы — Термез қаласы, екінші ең ірі қаласы — Денау.
1941 жылы құрылған Сұрқандария облысы Өзбекстанның Қашқадария облысымен, Түрікменстан, Тәжікстан және Ауғанстан мемлекеттерімен шектеседі. Атауын Сұрқандария өзенінен алды.
Табиғи ресурстарға мұнай, табиғи газ және көмір жатады. Жеңіл өнеркәсіп, негізінен мақта тазалау және тамақ өңдеу саласы да облыс экономикасының маңызды салалары болып табылады.
Халқы Халық саны 2022 жылдың 1 тамызындағы мәлімет бойынша Сұрқандария уәлаятында 2,771,100 адам тұрады — бұл Өзбекстандағы халық саны бойынша 7-ші (14 облыстың ішінен) орында.
Ұлттық құрамы Ресми мәліметке сүйенсек, Сұрқандария облысы халқының 84,49%-ы өзбектер, 12,46%-ы тәжіктер, 1,23%-ы түрікмендер, 0,8%-ы орыстар.
Әкімшілік бөлінісі thumb|400px|right|Сұрқандария облысының әкімшілік бөлінісі Картадағынөмірі Қазақша атауы Өзбекше атауы Тұрғындары1-01-2019 адам Орталығы Құрамы 9 Алтынсай ауданы Oltinsoy tumaniОлтинсой 172156 Қарлұқ 14 қм, 9 ааж 1 Ангор ауданы Angor tumaniАнгор 129573 Ангор 12 қм, 7 ааж 3 Байсын ауданы Boysun tumaniБойсун 117471 Байсын Байсын қаласы, 5 қм, 7 ааж Бандиқан ауданы Bandixon tumaniБандихон м.ж. Бандиқан 1 қм 4 Денау ауданы Denov tumaniДенов 375669 Денау Денау қаласы, 12 қм, 17 ааж 5 Жарқорған ауданы Jarqoʻrgʻon tumaniЖарқўрғон 213105 Жарқорған Жарқорған қаласы, 5 қм, 7 ааж 6 Қызырық ауданы Qiziriq tumaniҚизириқ 169357 Сарық 5 қм, 10 ааж 7 Құмқорған ауданы Qumqoʻrgʻon tumaniҚумқўрғон 237867 Құмқорған Құмқорған қаласы, 11 қм, 8 ааж 8 Мұзрабат ауданы Muzrabot tumaniМузработ 138375 Халықабат 10 қм, 9 ааж 10 Сарыасия ауданы Sariosiyo tumaniСариосиё 201848 Сарыасия Шарғұн қаласы, 4 қм, 9 ааж 13 Термез ауданы Termiz tumaniТермиз 106676 Үшқызыл 9 қм, 5 ааж 14 Ұзын ауданы Uzun tumaniУзун 170471 Ұзын 9 қм, 7 ааж 11 Шерабат ауданы Sherobod tumaniШеробод 188846 Шерабат Шерабат қаласы, 7 қм, 9 ааж 12 Шоршы ауданы Shoʻrchi tumaniШўрчи 203425 Шоршы Шоршы қаласы, 10 қм, 10 ааж Термез қаласы TermizТермиз 145065
Суреттері
Дереккөздер
Санат:Өзбекстан облыстары Санат:Сұрқандария облысы