Урали — Үндістанның оңтүстігінде, Тамилнад және Керала штаттарында тұратын халық. 1990 жылдардың аяғында халық саны 35 мың адам болды.
Тілі Тілі - гадаба тілі.
Діні Дәстүрлі нанымдарды ұстанады.
Кәсібі Дәстүрлі кәсіптері - қолмен атқарылатын егіншілік (күріш), терушілік, аңшылық.
Өмір салты Уралилер эндогамиялық топтарға бөлінеді, неке әпке-қарындастардың міндетті түрде алмасуы арқылы қиылады (сондықтан қарындасы жоқ жігітке қалыңдық табу қиын). Ауылдарды ақсақалдар басқарады, сонымен бірге олар да емші қызметін де атқарады, ауылдар тобын көсемдер басқарады.
Негізінен шағын ауылдарда, орманды тауларда тұрады. Тұрғын үйлері - шөппен немесе жапырақтармен жабылған қаңқалы бір бөлмелі үй, ағаштан тұрғызылған үйлер жиі кездеседі.
Дереккөздер
Санат:Үндістан этникалық топтары