Қызылқия асуы – Қырғыз Алатауы жотасындағы асу.

Географиялық орны Жамбыл облысы Меркі ауданы Тескентоған ауылының оңтүстік-батысында 27 км жерде орналасқан.

Жер бедері Ең биік жері 3400 м шамасында. Асудан мамыр–қазан айларында салт атты адам өте алады. Асудың солтүстігінен Меркі, оңтүстік және батысынан Қарақыстақ өзендері таудың биік жоталарындағы қар, мұздықтарынан бастау алады. Солтүстігінде Боқтікен тауы, солтүстік-батысында Талдыбұлақ, оңтүстігінде Ақташ, шығысында Тұйықтөр асулары бар.АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5

Дереккөздер

Санат:Жамбыл облысы асулары Санат:Қырғыз Алатауы