Стиенг — Оңтүстік-Шығыс Азияда Вьетнамның таулы аймақтарында, сондай-ақ Камбоджада тұратын халық. Жалпы саны 85 мың адам. Вьетнамда 60 мың адам, Камбоджада 25 мың адам. Негізгі субэтникалық топтары: було және будех.
Тілі Стиенг тілі аустроазиат тілдердің мон-кхмер тармағына жатады (Бахнар тармағы). Вьетнам және кхмер тілдері кеңінен таралған.
Діні Дінге сенушілердің діни наным-сенімдері: дәстүрлі сенімдер.
Кәсібі Негізгі кәсібі - қолмен атқарылатын егіншілік. Ең көп таралған ауыл шаруашылығы дақылдары – күріш, көкөніс, жүгері. Сонымен қатар терушілікпен, балық аулаумен аңшылықпен айналысады. Тұрмыстық қолөнер дамыған - тоқу, тоқымашылық, ұсталық, қыш бұйымдарын жасау т.б.
Тұрмыс салты Жаңа мекеннің құрылысына, сондай-ақ балалардың дүниеге келуіне және ата-бабаларына табынуға байланысты тыйым салу жүйесі бар. Ауылдық қауым – сайланған басшысы мен ақсақалдар кеңесі бар бір немесе бірнеше ұзын үйлерден тұратын ауыл. Отбасы шағын, патриархалдық. Негізгі мерекелер: Жаңа жыл және жаңа күріш мерекесі. Елді мекендері мен дәстүрлі баспаналары Екі типті тұрғын үйлері бар: қадалы және жер үсті, тікбұрышты, шатыры бар.
Дәстүрлі киімдері Ерлер жамбасты жауып тұратын мата кесіндісі, әйелдер белдемше киеді. Көптеген білезіктер, алқалар, піл сүйегінен жасалған сырғалар кең таралған. Тістерді аралау және қаралау, татуировка жасау әдет-ғұрыптары сақталған.
Дәстүрлі тағамдары Дәстүрлі тағамдарға - күріш, көкөністер, балық және ет жатады, негізгі сусын - күріш сырасы.
Фольклоры Фольклоры эпос, миф, этногенетикалық аңыздар, ертегілер арқылы бейнеленген.
Сілтеме
Дереккөздер
Санат:Вьетнам халықтары Санат:Камбоджа халықтары