Капустин Юрий Николаевич «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IV том(15.6.1942 жылы туған, Ресей, Саратов облысы, Аткарск қаласы) – актер, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі (1991). 1965 жылы Саратов театр училещесін; 1987 жылы Киев театр өнері институтын бітірді; 1965 – 70 жылы Ресейдегі Ставрополь өлкелік драма театрында актер болды. Алғашқы рөлі – Э.Радзинскийдің“Махаббат туралы жүз төрт беттік хикаясындағы” Лева Карцев; 1970 жылы Қазақстанға қоныс аударып, сол кезден Алматыдағы Республика орыс драма театрында өнер көрсетеді. Осы жылдарда Капустин Андрей Гуськов (В.Распутиннің “Өле-өлгенше ұмытпасында”), балықшы Йост (Г.Гориннің “Тильінде”), Ксанф (Фигейред|Г.Фигейредоның]] “Эзопында”), Игорь (Н.Птушкинаның “Ол өлгеніншесінде...”), Уолтер Франц (А.Миллердің “Бағасында”), Жантық (Ғ. Мүсіреповтің “Қозы Көрпеш – Баян сұлуында”), көптеген сахналық бейнелерді жасады; 1979 жылы режиссер ретінде И.П. Щеголихиннің романы бойынша “Бұрқасын қар”; 1985 жылы А.Гельманның “Басқалармен оңаша”; 1994 жылы Э.Элис пен Р.Риздің “Екі жақты ойынын” қойды; 1998 жылы К. “Тағдырдың байқұс балалары” фильмінде Петрович; 2002 жылы “Ләйләнің намазында” Гарольд және отандық “Тоғысқан тағдырлар” теледидарлық сериалында Георгий Павлович рөлін сомдады.

Дереккөздер:

Санат:Тұлғалар