Мэньба (монба, монпа) — Гималайдың шығысындағы тибет-бирма халқы. Олар Үндістанда Аруначал-Прадеш штатында (50 мың адам), Қытайда Тибеттің оңтүстігіндегі Цона ауданында (8923 адам, 2000 санақ), сонымен қатар Бутанда (2500 адам) тұрады. Олар Қытайдың ресми түрде танылған 56 халқының бірі.
Тілі Мэньба тілі қытай-тибет тілдер семьясының тибет-бирма тілдер тобының тибет тіл тармағына жатады. Тибетте тұрып, тибеттіктермен тығыз байланыста болған мэньбалар тибет тілін жетік меңгерген. Мэньбалардың өз жазуы жоқ, тибет жазуын қолданады.
Діні Дінге сенушілердің діни байланысы: буддистер.
Тарихы Тарихшылар анықтаған Мэньба халық аңыздарында 500-600 ж. біздің эрамызға дейін олардың Манил немесе Ломон деп аталатын өз мемлекеті болған. Мемлекет ыдырағаннан кейін мэньба тайпалары Тибет билігінде болды.
Кәсібі Негізгі дәстүрлі кәсіптері суармалы егістік (күріш, бидай, қарақұмық, көкөністер), мал шаруашылығы (буйвол, қодас, жылқы, қой), бау-бақша. Қолөнерден – тоқыма, бамбук тоқу, ағаш ою дамыған. Мәдени жағынан тибеттіктерге жақын.
Өмір салты Діни өмір мен дәстүрлі рухани мәдениеттің орталықтары монастырьлар болып табылады, онда бетперде киген пантомималық қойылымдар (цама сияқты) өткізілетін. Ән айту, би билеу халық ауыз әдебиеті дамыған. Отбасы шағын, қауым дәстүрі – қауым кеңесі, ақсақалдар.
Елді мекендері мен дәстүрлі баспаналары нобай|оңға|200px|Халық биі Аджи Ламу Мэнбалар екі қабатты тас үйлерде тұрады, олардың есіктері мен терезелері ашық оюланған маңдайша жақтаулармен безендірілген.
Дәстүрлі киімдері Ерлер киімі – шалбар, жейде, үстіне – белдемшелі халат, әйелдер – кофта, жеңсіз күртеше, белдемше, қыста – халат киеді. Ерлер де, әйелдер де шашын өреді.
Дәстүрлі тағамдары Азық-түліктерінде ет және сүт өнімдері, күріш, қуырылған арпа ұны (цамба) басым.
Сілтеме
Дереккөздер
Санат:Үндістан этникалық топтары Санат:Қытай этникалық топтары