Мнонг — Вьетнамның оңтүстігінде және Камбоджаның шығысында тұратын халық. Кхмер таулы тобына кіреді. Вьетнамдағы халық саны 92 451 адам (1999 ж.), Камбоджада 22 мың адам тұрады.

Тілі Олар банари кіші тобына жататын мнонг тілінде сөйлейді, сонымен қатар ма тілі де кең таралған.

Діні Дінге сенушілердің діни наным-сенімдері: дәстүрлі сенімдер.

Кәсібі Дәстүрлі кәсіптер қолмен атқарылатын егіншілік (күріш, тары, жүгері, тәтті картоп, көкөністер), аңшылық және балық аулау. Қолөнерден – ұсталық, тоқымашылық, ағаш өңдеу, қайықтар жасаумен айналысады. Олардың қолға үйретілген пілдері бар.

Өмір салты Ауылдық қауымдарды ақсақалдар басқарады. Неке патрилокальды немесе матрилокалды. Қыздардың туыствығы ана жағынан, ұлдар әке жағынан есептеледі. нобай|оңға|200px|Дәстүрлі үйлері Елді мекендері мен дәстүрлі баспаналары Үйлері қадаларда орналасқан, кейбіреулері жер үйлерде тұралы. Ұзын қадасыз үйлерде (100 м-ге дейін) туысқан шағын отбасылар тұрады.

Дәстүрлі киімдері Дәстүрлі ерлер киімі – жамбасты жауып тұратын таңғыш мата, әйелдердікі – белдемше. Тістерді кесу жиі кездеседі.

Дәстүрлі тағамдары Мнонгтар пісірілген күрішті жейді. Жас бамбук түтігінде пісірілген күріш («лам» күріші) танымал тағам болды. Егістікте жұмыс істегенде олар кептірілген асқабаққа салынған қышқыл ботқа жейді. Көптеген адамдар самогон ішуді, темекі шегуді немесе шайнайтын темекіні пайдалануды ұнатады.

Сілтеме

Дереккөздер

Санат:Вьетнам халықтары Санат:Камбоджа халықтары