Бүгінгі таңда Алматы қаласы 8 ауданнан тұрады: Алатау, Алмалы, Әуезов, Бостандық, Жетісу, Медеу, Наурызбай, Түрксіб.

Аудан аумағында әкімшілік функцияларды қалалық әкімдіктің бағынысындағы аудан әкімдігі атқарады.

Тарихы нобай|Қаланың әкімшілік бөлінісі:    Алатау ауданы     Алмалы ауданы     Әуезов ауданы     Бостандық ауданы     Медеу ауданы     Наурызбай ауданы     Түрксіб ауданы     Жетісу ауданы

Қазақ АКСР ОАК Президиумының шешімімен 1936 жылы 12 қыркүйекте қалада 4 аудан құрылады: Каганович, Ленин, Сталин, Фрунзе.

1957 жылы Каганович ауданы — Октябрь ауданы, Сталин ауданы — Совет ауданы болып өзгертіледі.

Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының жарлығымен 1966 жылы Совет ауданының бір бөлігінен Калинин ауданы, ал 1972 жылы Ленин және Калинин аудандарының шағындалуы нәтижесінде Әуезов ауданы құрылады.

Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумы жарлығымен 1980 жылы 17 қазанда жаңадан тағы Алатау (Калинин және Әуезов аудандарының шағындалуы есебінен) және Мәскеу (Ленин, Октябрь және Фрунзе аудандарының шағындалуы есебінен) аудандары құрылады.

1982 жылдың басында Алматыда 8 аудан болды: Алатау, Әуезов, Калинин, Ленин, Мәскеу, Октябрь, Совет, Фрунзе. Кеңес заманында аудандардағы мемлекеттік билік органы халық депутаттарының аудандық кеңесі болды.

1995 жылы 12 желтоқсанда қаладағы Калинин ауданы — Бостандық, Ленин ауданы — Жетісу, Октябрь ауданы — Түрксіб, Совет ауданы — Алмалы, Фрунзе ауданы — Медеу ауданы болып өзгертіледі.

1997 жылы 28 қаңтарда Алатау және Мәскеу аудандары таратылады.Алматы қаласының Алатау мен Мәскеу аудандарын тарату туралы 2008 жылы жаңа шекараларында Алатау ауданы қайта құрылады.Алатау ауданын құру және Алматы қаласы аудандарының шекараларын орнату туралы

2014 жылы шілде айында XVIII ғасырда жоңғар басқыншыларына қарсы соғыстарға қатысқан қазақ батыры Наурызбай есімімен аталатын қаланың сегізінші ауданы құрылады.Наурызбай ауданын құру және Алматы қаласы аудандарының шекараларын белгілеу туралы

Тізімі + Алматының әкімшілік-аумақтық бөлінісі Атауы Әкімі Аумағы, км² Халқы, ад. (2019)Халқының тығыздығы, ад./км² Құрылған уақыты 20px Алатау ауданы Азамат Бескемпірұлы Қалдыбеков 104,95 260 4412 482 2008 20px Алмалы ауданы Ержан Іргебайұлы Сейтенов 18,2 215 76811 727 1936 20px Әуезов ауданы Сайран Тәпенұлы Сайфеденов 23,5 295 54312 576 1972 20px Бостандық ауданы Алтай Ерғазыұлы Рахимбетов 99,43 343 5413 456 1966 20px Жетісу ауданы Гүлнар Ахметжанқызы Көкебаева 39,6 166 0014 192 1936 20px Медеу ауданы Еркебұлан Нұрланұлы Оразалин 253,4 209 836828 1936 20px Наурызбай ауданы Санжар Әділұлы Тоғай 69,67 128 1691 840 2014 20px Түрксіб ауданы Бақытжан Қожанбердіұлы Ақжаров 75,75 235 3573 107 1938

Дереккөздер

Санат:Алматы аудандары