Амантай Қойшыбайұлы Ахетов (1947 жыл, Көкшетау) — ақын, журналист. Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі (1990).

ҚазМУ-ды (қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті) бітірген (1972). Еңбек жолын 1966 жылы қазіргі Уәлиханов ауданындағы «Красное знамя» және «Қызыл ту» газеттерінде бастаған. 1977 — 1980 жылдары осы газеттерде редактор 1980 жылдан Қазақстан мемлекеттік телерадио компаниясында, Қазақстан мемлекеттік баспасөз комитетінде, Қазақстан Республикасының мемлекеттік ұлттық комитетінде, Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінде жауапты қызметтерде болды.Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса — Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл «Азия дауысы» және «Республика — 2000» республикалық газеттерінде бас редактор, «Юридическая газета» редакциясында бас редактордың орынбасары қызметтерін атқарған.

Шығармалары А.Мырзахметованың «Лучезарная» З.Жакенованың «Зов очей земли» Ж.Кизатованың «Испытание войной» Қ.Ахметбекованың «Солдат Победы» романдарын Ш. Мұхаметжанованың өлеңдер жинағын «Антология казахской этнопедагогики» жинағын қазақшаға аударған.

Марапаттары Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты.“Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9“ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6

Дереккөздер

Сыртқы сілтеме Амантай АХЕТОВ: К покаянию жестокость людскую взываю…

Санат:1947 жылы туғандар Санат:Қазақстан ақындары Санат:Көкшетауда туғандар Санат:Қазақстан журналистері