Нағашыбай Қорғанбекұлы Атшабаров (1953 ж.т., Ресей, Челябі облысы Біреді ауданы Калинин с.) — заңгер-құқықтанушы, ҚР ҰҚК-нің генерал-майоры. ҚР ҰҚК-нің ардагері.
Фактілер Жетіру тайпасының Жағалбайлы руынан шыққан. ҚазМУ-ды (ҚазҰУ-ды, 1979 ж.) КСРО МҚК Жоғ. курсын (1980) бітірген. Еңбек жолын 1971 ж. Қостанай облысы Жітіқара ауданы Жітіқара кеңшарындағы орта мектепте мұғалім болып бастаған. 1979 жылдан ҚР ҰҚК-нде жұмыс жасайды.'' Спорттың самбо, акробатика, шаңғы және гір көтеру түрінен спорт шеберлігіне кандидат. 1982 — 84 ж. «Вымпел» арнайы бөлім құрамында Ауғанстан жерінде болған. Алматы, Мәскеу, Талдықорған, Ақтау, Қостанай, Қарағанды қалаларында,Астана қ-ндағы ҰҚК орт. аппаратында міндетін атқарған. ҚР ҰҚК Ақмола облысы департаментінің бастығы қызметін атқаруда. Орден, медальдармен марапатталған."Қазақ Энциклопедиясы"
Дереккөздер
Сыртқы сілтеме Глава государства присвоил высокие воинские звания и наградил отличившихся военнослужащих
Санат:1953 жылы туғандар Санат:Челябі облысында туғандар Санат:Қазақстан заңгерлері Санат:Қазақстан генерал-майорлары Санат:Қазақстан самбошылары Санат:Қазақстан акробаттары Санат:Қазақстан шаңғышылары Санат:Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерлері Санат:Алфавит бойынша акробаттар Санат:Алфавит бойынша шаңғышылар Санат:Алфавит бойынша самбошылар Санат:КСРО акробаттары Санат:КСРО шаңғышылары