Шалқар-Екі қара — Орынбор облысының шығысында, Светлый ауданында орналасқан ағынсыз көл. Облыстағы ең ірі көл.
Су қоймасы табақша тәрізді ойпатта орналасқан, жағалары негізінен өте жайпақ. Жағалау сызығының ұзындығы 96 км.
Көлге ағатын су жоқ, тек көктемгі су тасқынында Бұрықтал өзенімен байланысады. Осыған байланысты көл әр 10 жыл сайын құрғап, 3 жылда түбіне дейін қатып қалады. Кейбір жылдары бірнеше үлкен және көптеген ұсақ жылымдарға ыдырайды. Сол кезде минералдануы 4 г/л жетеді. Орташа минералдануы 3-5 г/л.
Көлдің ихтиофаунасы мөңке балығымен ұсынылған, ал Бұрықталмен ұзақ байланыста болған жылдары алабұға, сазан, аққайран, торта және басқа да кейбір балық түрлері енеді. Жағалауда шағалатұмсықты қарқылдақтар ұя салады.
Әдебиет Чибилёв А. «Природное наследие Оренбургской области». Оренбургское книжное издательство, 1996 г. Чибилев А. А., Мусихин Г. Д., Павлейчик В. М., Паршина В. П. «Зеленая книга Оренбургской области: Кадастр объектов Оренбургского природного наследия». Оренбург: Изд.-во «ДиМур», 1996 г.
Санат:Орынбор облысы көлдері Санат:Жайық су алабы өңірі