Марк КукурельяКукурейя испанша айтылуы Сасета (; 1998 жылы 22 шілдеде туғанMarc Cucurella — Transfermarkt.com, Алелья) — испаниялық футболшы, "Челси" клубы мен Испания құрамасының қорғаушысы. 2020 жылғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері.
Клубтық мансап 2012 жылға дейін "Эспаньол" жүйесінде тәрбиеленді, содан кейін әйгілі Барселона академиясы Ла Масияға қосылды. Онда ол 2017 жылға дейін өнер көрсетті. 2016/17 маусымда "Барселона Б" командасы үшін дебют жасады. Оның дебюттік маусымында ол он бір ойын өткізді. 2017/18 маусымында Барселонаның негізгі құрамасының жаттығулары мен ойындарына шақырыла бастады. Ол 2017/18 жылғы Чемпиондар Лигасына жолдама алдыBarça B players eligible in the Champions League. Оның "Барселона" үшін дебюті 2017 жылдың 24 қазанында Испания Кубогының "Реал Мурсия" клубына қарсы ойында өтті.
2018/19 маусымын "Эйбарда" бастады, ол үшін 31 ойын өткізіп, бір гол соқты.
Халықаралық мансап Кукурелья Испанияның жастар деңгейінде ойнады. 17 жасқа дейінгі Испания жасөспірімдер құрамасы сапында 2015 жылғы Еуропа чемпионатына қатысты. Турнир бойы өз құрамасының негізгі сол жақ қорғаушысы болды. Аустрияға қарсы бірінші тур матчында сары қағаз алдыИспания U17 — Австрия U17 матчы туралы есеп. Испания осы турнирде ширек финалға дейін жетті.
Жетістіктері Командалық Барселона Б Сегунда Б жеңімпазы: 2016/17
Дереккөздер
Сілтемелер «Хетафе» ФК сайтындағы профилі
Санат:Испания футболшылары Санат:Испания Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:2020 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегерлері Санат:Барселона ФК ойыншылары Санат:Эйбар ФК ойыншылары Санат:Хетафе ФК ойыншылары Санат:Брайтон энд Хоув Альбион ФК ойыншылары Санат:Челси ФК ойыншылары Санат:Футболдан Еуропа чемпиондары