Аралсор — Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Мыңтас қыстауынан оңтүстік-шығысқа қарай 46 км жердегі көл.
Гидрографикасы Аумағы 5,9 км2. Көл теңіз деңгейінен 6,3 м төмен жатыр. Ұзындығы 3,2 км, енді жері 2,5 км, жағалау бойының ұзындығы 9,6 км. Көл көктемгі жауын-шашында шығысында жатқан өзімен аттас көлмен ұласып кетеді. Жазда құрғап, сор батпаққа айналады. АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5
Дереккөздер
Санат:Ақжайық ауданы көлдері Санат:Ойыл су алабы көлдері