Жүсіповтердің аңшылық үйі, сондай-ақ Жүсіповтердің сарайы, Әскерин () — Көккөз ауылындағы Феликс Жүсіпов кінәздің сарайы, сәулет ескерткіші. 1908-1912 жылдары Ялта сәулетшісі Николай Петрович Красновтың жобасы бойынша Қырым татар стилінде Бақшасарайдағы хан сарайының мақамдары арқылы салынған.

1908 жылы Жүсіповтар әулеті Көккөзде (Богатыр болысында) жылжымайтын мүлікке ие болды, онда Зинаида Николаевна Жүсіпованың өтініші бойынша «жергілікті үлгідегі үй» салу туралы шешім қабылданды. Құрылыс Ялта қаласының бас сәулетшісі Николай Петрович Красновқа тапсырылды, ол сол кезде Кореиз (ұлы кінәз Петр Николаевич үшін) және Ливадия сарайларын салумен айналысты. XV ғасырдан бері орыс патшаларына қызмет етіп, әскери ерліктерімен танымал болған қожайындар жаңа қонысқа Әскерин (қырым татар тілінен аударғанда — жауынгерге тиесілі) деген атау берді.

Дереккөздер

Санат:Қырым сарайлары