Мыңбұлақ – Қаржантау жотасының оңтүстігіндегі тау.

Географиялық орны Түркістан облысы Қазығұрт ауданы Тұрбат ауылынан шығысқа қарай 20 км жерде орналасқан.

Жер бедері Абсолюттік биіктігі 2823 м. Тау Қазақстан және Өзбекстан (Шыршық ауданы) шекарасында жатыр. Қазығұрт ауданына қарасты солтүстік беткейлері тік жартасты, шатқалды келген. Тау ендік бағытта 15 км-ге созылған, енді жері 8–10 км шамасында. Гранит, диорит, әктас және кварцитті тақтатастардан түзілген. Беткейлеріндегі бұлақтардан Қаржансай өзенінің салалары бастау алады. Шығыс баурайымен Өгем өзені ағып өтеді.

Өсімдігі Шатқалдарында жеміс ағаштары аралас қайың, көк терек, қарағай өскен.АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5

Дереккөздер

Санат:Қазығұрт ауданы таулары