Грейс Беделл (, тұрмыста Billings; 1848—1936) — 11 жасында АҚШ президенті Авраам Линкольнға хат жазған американдық. Линкольн кейін Беделлмен 1861 жылдың ақпанында кездескен болатын. нобай|1870-жылдардағы Грейс

Өмірбаяны 1848 жылы 4 қарашада Нью-Йорк штатының Альбион ауылында дүниеге келген. Отбасында тағы екі бауыры - Элис пен Хелен атты қыздар болған. Беделл балалық шағын Уэстфилд ауылында өткізгенABRAHAM LINCOLN’S BEARD: THE IDEA OF AN 11-YEAR-OLD GIRL .

Линкольнға хат жазу

1860 жылдың 15 қазан күні, Линкольн АҚШ президенті болып сайланғанға дейін Грейс Беделл үміткерге сақалын өсіруі туралы өтініш жазып, хат жіберген болатын. Қыздың хатында сақал Линкольнның сыртқы келбетін жақсартатынын, әрі өзінің ағаларымен үміткер сақал өсірсе, олар өз дауысын береді деген пари жасағаны айтылдыGrace Bedell’s Letter to Lincoln . 4 күннен соң, 19 қазанда келген жауапты хатта Линкольн қыздың өтінішін орындауға уәде бермесе деLetter to Grace Bedell , бір ай ішінде сақалын өсірген. Президент болып сайланғаннан соң Америка бойынша турне өткізу кезінде жаңа басшы Грейс тұрған қалашықта болып, оны тапқаннан кейін өзінің сақалы үшін алғыс білдірді. Осы оқиға туралы 1861 жылдың 19 ақпанындағы номерінде New York World газеті хабарлады. Ал 1878 жылы жергілікті газетке берген сұхбатында Грейс Беделл-Биллингс американдықтарға оны хат жазуға не итермелегенін еске салдырып өтті. Қазіргі таңда Грейс Беделл хатының түпнұсқасы кітапханасындағыBurton Historical Collection коллекциясында сақталған. Линкольнның жауапты хаты 1990-жылдардың басында 1,000,000 доллар бағасымен сатылымға шығарылып, оны белгісіз жеке коллекционер сатып алған.

2007 жылы зерттеушілер Грейстің Линкольнға жазған тағы да бір хатын тапқан болатын, ол жерде Беделл өз ата-анасы үшін қаржылық көмек сұраған. Хат 1864 жылы 15 жасар Грейспен жазылғанGrace Bedell — Second Letter .

Жеке өмірі Грейс 17 жасында АҚШ Азамат соғысының қатысушысы - сержант Джордж Ньютон Биллингсқа тұрмысқа шығып, олар Канзас штатының Дельфос қаласына көшкен. Дельфоста ерлі-зайыптылар 1 ұл сүйген. Грейс Беделл 1936 жылы өзінің 88-ші туған күніне дейін 2 күн жетпей, 2 қарашада қайтыс болып, жергілікті зиратта жерленгенGrace Bedell Billings.

Линкольн суреттері

Естелік нобай|Уэстфилдтегі ескерткіш 1999 жылы Уэстфилд ауылында Линкольн мен Беделлге арналған ескерткіш қойылғанGrace Bedell . Грейс Беделл қайтыс болған қалада оның ескерткіші қойылған«Grow a Beard, Abe» Girl Monument . Оқиғаның 150 жылдық мерейтойын тойлау кезінде (2010 жыл) сценарист Марк Эсслингер мен режиссер Эрик Бёрдетт «Грейс Беделл» атты қысқа метражды фильм түсіргенGrace Bedell (2010) , фильмде басты рөлді жас актриса Лана Эсслингер сомдағанLana Esslinger .

Дереккөздер

Сілтемелер The Advice of a Little Girl Plains Folk: President’s Day Елизавета Муромская — «Как стать президентом, или История Грейс Беделл» (Қалай президент атануға болады немесе Грейс Беделл оқиғасы)

Санат:Авраам Линкольн