Ту тіккен (Ерлік дастаны) — Мұзафар Әлімбаевтың поэмасы, 1971-1974 жылдары жазылған.

Бұл дастанда ақын Рейхстагқа алғаш ту қадағандардың бірі Рақымжан Қошқарбаевтың жан-дүниесін, қаһарман ерлігін шабытпен жырлайды. Бұл дастанда Қазақстанның саңлақ перзентінің сүйкімді бейнесі нанымды мүсінделген:

Баласы жасыл Нұраның! Тетелес бауыр, інісің, Ағаша сынға шыдадың, Содан да зорсың ұлы ісің. Қамалды бұзған батырсың Баршаға бізден жақынсың. Отанын ұрпақ қорғарда Өзіңдей жауға атылсын! «Бүгінгі қазақ қандай!» — деп, Сұраса біреу шетелдік, — Өзіңнің тұлғаң сондай дөп! — Көрсетсем сені, жетерлік.

Сілтемелер Ту тіккен (поэма мен өлеңдер) — Алматы: «Жазушы», 1974.

Санат:Поэмалар