Сарыапан, Сарыапай – Тарбағатай жотасының орта бөлігіндегі тау.

Географиялық орны Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Томар ауылының оңтүстік-шығысында орналасқан.

Жер бедері Абсолюттік биіктігі 2190 м. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 15 км-ге созылған, енді жері 7-8 км. Тау беткейлері өзен арналарымен, шатқалдармен тілімденген. Үстінде тегістеу келген. Солтүстігінен Шатан, Ласты өзендері, батысынан Тамырсық, оңтүстік беткейінен Қараүңгір өзендерінің салалары бастау алады. Оңтүстігінде Үлкен Қаракезең асуы орналасқан.

Геологиялық құрылымы Төменгі жəне ортаңғы палеозойдың тақтатас, əктас, құмтас жыныстарынан тұрады.

Өсімдігі Таудың қара, қызғылт қоңыр топырағында дала өсімдіктері басым өскен. Шатқалдарда терек, қайың, т.б. аралас шағын сирек орман қалыптасқан. Баурайы мал жайылымына қолайлы. Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5

Дереккөздер

Санат:Тарбағатай ауданы таулары