Сарықұм – Сарыарқаның оңтүстігіндегі құм.
Географиялық орны Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы Гүлшат ауылының солтүстік-батысында 1 км жерде орналасқан.
Жер бедері Балқаш көлінің солтүстік-батыс жағалауынан солтүстікке қарай, Жəмші өзенін бойлай 42 км-ге созылып жатыр, ені 17 км-дей. Ауданы 350 км2. Жəмші өзенінің ескі арнасына жиналған шөгінділерден пайда болған, грунт суының (3 м тереңдікте) минералдылығы əр түрлі.
Өсімдігі Құм төбешіктері еркек шөп, жусанмен бекіген, ойпаң жерінде жиде, сораң шөптесіндер өседі. Қысқы жайылым ретінде пайдаланылады.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5
Дереккөздер
Санат:Қарағанды облысы құмдары