Ачемдер (өз атауы – ачим, аким, акем, акьем) — Гананың оңтүстігіндегі ақан тобына жататын халық. (Пра өзенінің бастауы мен Пра-Денсу сағасында). Халқы 612 мың адам. (2000).

Тілі Тілі - чви (тви) тілі.

Діні Дінге сенушілердің діни наным-сенімдері - дәстүрлі нанымдарды ұстанады, кейбіреулері – протестанттар, католиктер

Кәсібі Негізгі кәсібі – қолмен атқарылатын егіншілік (ямс, маниок, банан, күріш, тары, құмай, жүгері, қазір олардың көпшілігі какао өсірумен айналысады), ұсақ мал мен құс өсіру, алтын өндіру, ұсталық, тоқымашылық, керамика жасау дамыған.

Өмір салты Дәстүрлі өмір салты, материалдық мәдениеті және қоғамдық ұйымы Ашантиларға жақын. Олар ата-бабалар культін, табиғат күштерін, Нямэ (жоғарғы құдай) және Асас (хтондық құдай) культін сақтайды. Музыкалық, оның ішінде би, фольклор дамыған.

Дереккөздер

Санат:Гана халықтары