Қойсары – Арқалық тауларының оңтүстік-батысындағы тау.

Географиялық орны Абай облысы Жаңасемей ауданында орналасқан.

Жер бедері Абсолюттік биіктігі 429 м. Солтүстіктен оңтүстікке қарай бойлық бағытта 3 км-ге созылған, енді жері 1 км. Беткейлері көлбеу таулардан тұрады. Солтүстігінде Чистое, оңтүстігінде Жарыққұдық көлдері, батысында Көкентау, шығысында Бүйрекқұдық таулары бар.

Өсімдігі Қызғылт қоңыр топырақ жамылғысында жусан, селеу, бетеге, бұталар өседі.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5

Дереккөздер

Санат:Жаңасемей ауданы таулары