Қоңыр Сандықтас – Ақшатау жотасының оңтүстік-шығысындағы аласа тау.

Географиялық орны Абай облысы Аягөз ауданы Дөненбай ауылының оңтүстік-батысында 12 км жерде орналасқан.

Жер бедері Абсолюттік биіктігі 1102 м. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 13 км-ге созылған, енді жері 5 км. Беткейі тіктеу келген, сай-жыралармен тілімделген. Солтүстігінен Батпақ, Үлкен Батпақ өзендері бастау алады. Солтүстік-шығысында Қондыбай, оңтүстігінде Қарапішен таулары бар.

Өсімдігі Тауалдының қоңыр топырағында қараған, тобылғы бұталары және шоқ қайың, көк терек, тал, т.б. өсімдіктер өседі.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965- 893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5

Дереккөздер

Санат:Аягөз ауданы таулары