Мөлдір Берікқызы Жаңбырбай (18 мамыр 1997 жыл) — қазақ каратешісі, кумите бағдарламасында 55 кг дейінгі салмақта сынға түседі. Ол - жастар арасында Азия және әлем чемпионы.

Токио Олимпиадасының қатысушысы.

2023 жылы қазан айының басында Мөлдір Жаңбырбай Қытайдың Ханчжоу қаласында өткен XIX жазғы Азия ойындарының соңғы жарыс күні күміс медаль алған. Ол финалда 2018 жылғы Азия ойындарының жеңімпазы, тайбэйлік Шиау Шуанг Гумен күш сынасты. Қарсыластар 5:5 есебімен тең түскен. Дегенмен, соңғы нәтижелі әдісті Шиау Шуанг жасағандықтан, жеңіс Тайпей спортшысына бұйырды.

2023 жылы қазан айында Мажарстан астанасы Будапеште өткен 2023 XXVI әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды. Мөлдір 50 кг дейінгі салмақта финалда Италия өкілі Эрминия Перфеттоны ұтқан.

Жаңбырбай жартылай финалда әлем рейтингінің көшбасшысы Салазар Йоргелисті (Венесуэла) айқын басымдықпен тізе бүктіріп, сенсация жасаған.

Мөлдір Жаңбырбай - ересектер арасында әлем чемпионы атанған тұңғыш қазақ каратешісі.

2025 жылы мамырда Өзбекстан астанасы Ташкентте өткен ересектер арасындағы Азия чемпионатында қола жүлдеге ие болды.

Ал 2024 және 2025 жылы Karate 1-Premier League турнирінің нәтижесінде үздік спортшыға берілетін Grand Winner номинациясында жеңіске жетті.

Ол - маусымның үздік каратешісіне берілетін Grand Winner сыйлығын 2 рет иеленген тұңғыш қазақ.

Kарьерасы 2018 жылғы Азия ойындарына қатысқан.

2020 жылғы Тоkио Олимпиадасында топтық kезеңнен өте алмады.

2021 жылы желтоқсан айында Азия чемпионы атанды.

Сілтемелер https://olympic.kz/kk/athlete/59-moldir-zhanbyrbay

Санат:Алфавит бойынша каратэшілер Санат:Қазақстан каратэшілері Санат:Каратэден Азия чемпиондары