Қаратөбе – Ұзынтау тауларының солтүстік-батысындағы тау.

Географиялық орны Қарағанды облысы Шет ауданы Қызылтау ауылының оңтүстігінде 25 км жерде орналасқан.

Жер бедері, геологиялық құрылымы Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 12-13 км-ге созылып жатыр, енді жері 8 км шамасында. Абсолюттік биіктігі 978 м. Беткейлері тіктеу келген.

Өсімдігі Сай-жыраларындағы бозғылт қоңыр топырақ жамылғысында селеу, бетеге, көкпек, жусан, бұталар өседі.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5

Дереккөздер

Санат:Шет ауданы таулары