Сарыоба – Қарақуыс тауларының (Қостанай облысы) шығысында, Терісаққан өзенінің аңғарындағы төбе.
Географиялық орны Қарағанды облысы Нұра ауданының қиыр солтүстік-батысында орналасқан.
Жер бедері Абсолюттік биіктігі 355 м (салыстырмалы биіктігі 50 м шамасында). Төбе батыстан шығысқа қарай 2,5 км-ге созылған, енді жері 1,5 км. Төбе басы доғал, дөңбек келген. Беткейлері көлбеу, етегінде кішігірім жыралар кездеседі. Оңтүстігінде 3 км жердегі өзен бойында қыстау орналасқан.
Өсімдігі Нашар дамыған қиыршықтасты қоңыр, қызғылт қоңыр топырақ жамылғысында бұта аралас жусанды-бетегелі бірлестігі жəне əр түрлі астық тұқымдас шөптесіндер өскен.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5
Дереккөздер
Санат:Нұра ауданы таулары